2024 жылғы 13 мен 17 мамыр аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялық институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің қызметкерлері Актөбе қаласының колледждеріне және мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмысың өткізді.
Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қабиболла Кенжеұлы Жәнияров мектеп және колледж түлектеріне БҚИТУ-да оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді.
Жоғары оқу орнында бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 16 мамандық алуға мүмкіндік берілгені атап өтілді. Оқу кезінде студенттер кейіннен тұрақты жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді. Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, түлектердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.


