2024 жылдың 16-17 мамыры аралығында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру мамандары, аға оқытушы Жайлибаева Ж.М., Кубашев А.А., Ислямов Р.С. 2024-2025 оқу жылына университетке қабылдау ережелерін түсіндіру мақсатында Круглоозерное, Серебряков, Дарьян ауылдық мектептерінде болып қайтты. Түлектермен кездесу барысында кәсіптік бағдар беру бойынша мамандар қабылдау ерекшеліктерін түсіндіріп, студенттерді БҚИТУ-ға қабылдау жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларының тізімімен таныстырды.
Түлектер ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, жарнама парақтарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.


