Ұлы гуманист және ағартушы А. Құнанбаев мұрасының тұрақты мәдени және адамгершілік маңызы туралы а. ж. 29 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Салалық технологиялар институтында өткен ғылыми-практикалық конференцияда сөз болды.

Абайдың көп қырлы шығармашылығы, оның өсиеттері қазіргі уакытта да өзекті болып қала береді, өйткені олар 21 ғасыр адамында әдептілікке, адамгершілікке, білімге тәрбиелеуге көмектеседі! Өйткені, оның сөзі – қазақстандық патриотизмді, еңбекқорлықты, жауапкершілікті, жоғары адамгершілік сананы, оптимизмді және халқымыздың гүлденген болашағына деген сенімді қалыптастыруға және дамытуға қабілетті терең философиялық ойлар мен гуманистік идеялардың шексіз қоймасы, деп атап өтті конференцияны аша отырып, жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Н. М. Қадырғалиев.

 “Абай Құнанбаев – ұлы қазақ ақыны және ойшылы” – 1 курс студенттері Сапарғалиев Дарын, Шайхзада Мерланнын баяндама тақырыбы осындай болды, ғылыми жетекші аға оқытушы Т.Р. Исағұлова.

Ғадамша Ақерке, салалық технологиялар институтының 1 курс студенті, ғылыми жетекші-аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Ф. Ж. Разахова “Абайдың қара сөзіндегі ұлттық құндылықтар мен ар-уят мәселелеріне” өз хабарламасын арнады. Сондай-ақ, “А.Құнанбаевтың музыкалық мұрасы туралы” 1 курс студенті Сатаев Даниалдын, ғылыми жетекші педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.А. Уабиева, баяндамасыда мазмұнды болды.

Конференцияның ең белсенді қатысушылары оның қорытындысы бойынша дипломдармен марапатталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz