2023 жылғы 25 желтоқсанда колледждегі кәсіптік бағдар беру жұмысының кестесіне сәйкес мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы Г. Е. Калешева Жоғары инженерлік-технологиялық колледжде болды.

Түлектер Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарихымен, оның қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы рейтингімен, жоғары оқу орындарын оқыту саясатымен, дайындалатын мамандықтар тізбесімен, сондай – ақ талапкерлерді қабылдау ережелерімен танысты.

Түлектерге ЖОО туралы, мамандықтар туралы, барлық мамандықтар бойынша мемлекет беретін гранттар туралы; кафедра дайындайтын мамандықтар туралы, мемлекеттік грант алу мүмкіндіктері және облыстық әкімдік пен Казэнерджо гранты беретін гранттар туралы толық ақпарат ұсынылды.

Колледж түлектері үшін өзекті мәселе – біздің университетте бар әскери кафедра болды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жауапты тұлға – А.Е. Ильясоваға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін зор алғыс.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz