25.12.2023 ж. сағат 13.00-де БҚИТУ СТИ құқық кафедрасы сот отырысының оқу залында 6В04202 Құқықтану, 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу Білім беру бағдарламаларының білім алушыларына Орал қаласының №2 сотының судьясы Гульнар Омаровна Мусаурова «Азаматтық сот ісін жүргізуде материалдық және моральдық залалды өндіріп алу» тақырыбында қонақ дәрісі. Дәріс барысында азаматтық сот ісін жүргізудегі материалдық және моральдық залалды өндіріп алу рәсімі, материалдық және моральдық залалдың мөлшерін айқындау тетігі туралы толық мәліметтер берілді. Қонақ дәрісін құқық кафедрасының аға оқытушылары Абдрашит А. А., Аралбеков Г. Б. ұйымдастырды.
Қонақтар дәрісінің тақырыбы өзекті, білім алушылар материалдық және моральдық залалды өтеу бойынша оларды қызықтырған сұрақтар қойып, жауаптар алды.
Аға оқытушы Г. Б. Аралбеков дәріскер Гульнар Омаровнаға мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін алғысын білдіріп, еңбекте табыс тіледі.

