Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысы – бұл оқушыларды кәсіптер әлемімен таныстыруға, олардың жеке бейімділігі мен қызығушылықтарын анықтауға, жеке ерекшеліктеріне сәйкес одан әрі қызмет түрін таңдауға көмектесетін іс-шаралар жүйесі.
Осыған байланысты, 2024 жылдың 10 сәуірінде, мұнай-газ инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қ.А. Ихсанов мектептің кәсіптік бағдар беруші маманы Алтынай Құсайынқызымен бірлесіп, Орал қаласындағы №50 ЖБББМ жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларға мамандық таңдауға және табысты мансапты жоспарлауға көмектесуге бағытталған. Кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған сұхбаттар 11 сыныпта оқитын 46 оқушының қызығушылығымен өтті.