Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы П. А. Столыпин атындағы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінің студенттері мен магистранттарына сабақ өткізеді.  

Қауымдастырылған профессор, ветеринария ғылымдарының кандидаты Кейкиева Қаламқас Қадрғұлқызы Ульяновск мемлекеттік аграрлық университетінің магистранттарына мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бойынша дәрістер өткізеді. Сабақтарда білім алушылар әлемдік ветеринариялық практикада қолданылатын озық әдістемелер мен технологияларды зерделеуге, сондай-ақ өз кәсібінің қазіргі тенденциялары мен практикалық аспектілері туралы барынша толық түсінік алуға мүмкіндік алады.

Бұл бағдарлама шетелдік университеттермен және ветеринария мамандарымен білім мен тәжірибе алмасу арқылы студенттердің білім беру тәжірибесін байытуға бағытталған.

Бұл бастама университетте білім беру сапасын арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда тәжірибе алмасуға, ауыл шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz