Студенттердің кәсіби сертификаттаудан өтуі – ЖОО түлектерінің білім деңгейі мен дағдылары, кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіші. Кәсіби сертификаттау білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
Университетімізде Салалық технологиялар институтының білім алушыларына 2023-2024 оқу жылына арналған кәсіптік сертификаттау курстарынан өткізу жоспары құрылып, бекітілді.
Салалық технологиялар институтының кафедраларының келесі мекемелермен келісімі бойынша білім алушылар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді: «Пром ресурс білім беру орталығы» ЖШС; Ветеринария және биотехнология ғылыми-зерттеу орталығы; «АлемПром» ЖШС; Оқу орталығы «ALIM» ЖШС; Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі немесе жергілікті атқарушы органы (әкімдік); Жәңгір хан атындағы БҚАТУ; «IT Group Kazakhstan» ЖШС; «Казэнергоэкспертиза» ЖШС; «Mels Education» оқу орталығы; МЕБМ «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі.
Кәсіби сертификат университет түлектерінің біліктілігі кәсіби ұйыммен бағаланып, мақұлданғанын дәлелдейді. Сертификаттау білім алушылардың жұмысқа орналасуына оң ықпал етеді, сондықтан білім алушылардың кәсіби сертификаттауға деген қажеттілігі жылдан-жылға артып келеді.