БҚИТУ-дың наурызнама тұжырымдамасы бойынша 15-наурыз күні университетімізде Қайырымдылық күніне орай игі шара ұйымдастырылды. Аталған акцияға университеттің «Құқық» кафедрасы да белсенді түрде қатысып, қоғамдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін бірнеше отбасына азық-түлік себеттерін табыстады. Бұл бастама – адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Қайырымдылық акциясы арқылы кафедра ұжымы қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайтуға өз үлесін қосты.

Осындай игі шаралар адамдарды өзара көмектесуге, қамқорлық пен жанашырлық танытуға үндейді. «Құқық» кафедрасы алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді қатысып, қоғам игілігі үшін қызмет етуді жалғастырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz