2023 жылдың 27 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры, профессор Алшанов Рахман Алшанұлының «Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар» атты кітабы бойынша жазылған эсселер байқауы жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Эсселер байқауы 15-27 наурыз аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттері мен Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған болатын. Байқауға мектеп оқушыларынан 19 эссе, студенттерден 14 эссе келіп түсті. Әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен жұмыстардың барлығын қарастыра келіп, өзіндік ой-пікірімен, жазу стилімен ерекшеленген оқушылар мен студенттерге жүлделі орындарды тағайындады.
Нәтижесінде студенттер арасынан:
1-орын: Қуанова Мадина Абайқызы – Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының 3 курс студенті;
2-орын: Қуанышалиев Еділ, Тарих БББ 2-курс студенті;
3-орын: Мелсбекқызы Саяжан, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті иеленді.
Оқушылар арасынан:
1-орын: Нұрлан Аружан – Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы; пән мұғалімі – Татаханова Бақытханым Шымболатовна;
2-орын: Залелова Ұлдана, №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы; пән мұғалімі – Сахасова Шынжібек Хабдилшапиховна;
3-орын: Айтқалиева Зарина, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, пән мұғалімі: Макшаева Ж.Д.
Шара барысында автор Рахман Алшанұлы кітаптың жазылу тарихына шолу жасап, жүлдегер студенттер мен оқушыларды сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен, барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Марапаттаудан кейін университет ғалымдары мен студенттер және оқушылар кітап туралы өз пікірлері мен әсерлерімен бөлісті.
