2023 жылдың 23 сәуірінде №20 ЖОББМ 11 сынып оқушыларының Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің өкілдерімен кездесуі өтті, кәсіптік бағдар беру жұмысын инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Мұнай-газ ісі” кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Ербұлан Самиголлаұлы жүргізді. Кәсіби бағдарлау жұмысы кезінде ЖОО туралы, БҚИТУ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлайтын білім беру бағдарламалары туралы ақпарат, сондай-ақ қажетті толық ақпарат ұсынылды.

Оқушылармен кездесу барысында олардың алдында тұрған болашақ мамандықты таңдау мәселесі талқыланды, оқушылардың басым бөлігі қызығушылық танытты, сондай-ақ мұнай-газ саласында ғылыми-зерттеу бағытында айналысуға шешім қабылдағандар үшін қолжетімді гранттар мен стипендиялар туралы ақпарат ұсынылды. Бұл ақпарат әсіресе өз болашағы туралы және оларға қандай мамандықтар сәйкес келуі мүмкін екендігі туралы ойлана бастаған оқушылар үшін қызықты болды.

Кездесуде көптеген сұрақтар болды, солардың кейбірімен бөліскім келіп тұр: Мұнай-газ саласының инженері болу үшін қандай дағдылар қажет? Инженерлік-гуманитарлық факультеттің түлектері үшін қандай жұмыс перспективалары бар? “KAZENERGY” қауымдастығының грантын ұтып алуға қандай талаптар қойылады?

Орал қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоғары деңгейде өтті. Барлық болашақ мектеп түлектеріне сәттілік тілейміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz