2026 жылғы 16 сәуірде Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы 2026–2027 оқу жылына арналған 6В07102 – «Электр энергетикасы», 6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» және 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларына өзгерістер енгізуді талқылау бойынша академиялық комитеттің отырысын өткізді.
Отырысқа ішкі және сыртқы стейкхолдерлер қатысты. Талқылау барысында кафедра мен рецензенттер ұсынған өзгерістер қарастырылды.
6В07102 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша өзгерістер «Электрлік сұлбалары және ақпараттық өлшеу аспаптар» пәнін екі пәнге «Электрлік сызбалар және сұлбалар» және «Ақпараттық өлшеуіш техникасы» қарастырылды. Кредиттер теңгерімін сақтау мақсатында «Жоғары кернеулер техникасы» пәнін алып тастау ұсынылды.
6В07105 – «Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша өзгерістер «Интеллектуалды басқару жүйелері» атты жаңа пәнді енгізуді, сондай-ақ «Автоматтандыру және басқару негіздері» пәнінің көлемін 10 кредиттен 5 кредитке дейін қысқартуды қамтыды. Сонымен қатар келесі пәндердің мазмұнын жаңарту ұсынылды: «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау», «Электроника», «Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер».
6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша «Деректер базасын әкімшілендіру және әзірлеу» (10 кредит) пәнін «Деректер базасын жобалау» (5 кредит) және «Big Data технологиялары» (5 кредит) пәндеріне бөлу ұсынылды. Сонымен қатар «C# тілінде қосымшаларды әзірлеу» (10 кредит) пәні «DevOps негіздері» (5 кредит) және «UI/UX дизайн және прототиптеу» (5 кредит) пәндеріне ауыстырылды. «Объектіге бағытталған бағдарламалау» пәнінің мазмұнын жаңарту ұсынылды.


