2023 жылдың 15 қараша күні Салалық технологиялар институты мұнай-газ инженериясы кафедрасында «Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты» тақырыбында кафедраның 6В07201 / 7М07201 Мұнай-газ ісі БББ білім алушыларына эдвайзерлік сағатты техника ғылымдарының магистрі Айнаш Нұрболатқызы ұйымдастырып өткізді.

Эдвайзерлік сағаттың мақсаты – білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру болып табылады.

Эдвайзерлік сағаттың қонағы ретінде “Дом права” адвокаттық кеңсесі төрағасының орынбасары, заң магистрі Жомарт Тілекқабылұлы Ерназаров шақырылды.

Жомарт Тілекқабылұлы білім алушылармен кездесуде тәжірибесінде істерді мысалға келтіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы толықтай айтып өтті. Білім алушылармен сұрақ – дискуссия ретінде қойылып, жоғары деңгейде өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz