16.11.2023 жылы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментімен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында БҚИТУ СТИ құқық кафедрасына жедел-криминалистикалық басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Қазбек Қадырбекович Мұхамедьяров қонақ дәрісімен келді.

«Іздестіру-танымдық қызметті ақпараттық қамтамасыз етудің техникалық-криминалистикалық құралдары» тақырыбында дәріс 6В04202 Құқықтану, 6В04203 көлікті пайдалануды тасымалдауды және қозғалысты құқықтық реттеу және 6В04203 сот-прокурорлық қызмет білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар үшін өткізілді.

Сабақтың мақсаты болашақ криминалдық полиция қызметкерлері мен жедел-іздестіру қызметі бөлімшелерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру болды.

Білім алушыларға тергеу әрекеттері мен іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолдануға арналған заманауи криминалистикалық жабдықтар көрсетілді.

Қазбек Қадырбекович ішкі істер органдарының қызметкерлері пайдаланатын арнайы құралдардың қолданылу принциптері мен қолдану аясын егжей-тегжейлі түсіндіріп, өз тәжірибесінен мысалдар келтірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz