2024 жылғы 27 қыркүйекте HSE (Health, Safety, Environment) саласындағы цифрландыруға арналған Jaiq hackathon аяқталды. Іс-шара Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өтті және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті, Назарбаев университеті, С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін қоса алғанда, түрлі университеттердің қатысушыларын жинады.

24 сағат ішінде командалар өндірістегі қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаны қорғау үшін инновациялық шешімдерді ұсына отырып, мұнай-газ саласының нақты міндеттерімен жұмыс істеді. Қатысушылар IoT, big data, AI және blockchain сияқты заманауи технологияларды қолданды.

Хакатонның құрметті қонақтарының қатарында Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің бас менеджері Мунира Тәуекелова және Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру бөлімінің басшысы Райымбек Нұрланұлы болды.

Хакатонның соңында командалар өз жобаларын еңбекті қорғау және цифрландыру саласындағы сарапшылардан тұратын қазылар алқасына ұсынды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ЗЕРЕК командасының жобасы жеңімпаз атанды. Үздік жобалар мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарымен одан әрі дамыту және ынтымақтастық үшін мүмкіндік алды. Барлық қатысушыларға іс-шараға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Біз талантты мамандарға платформа ұсынып, олардың шығармашылық шешімдерін көре алғанымызды мақтан тұтамыз. Барлық қатысушыларға, серіктестерге және ұйымдастырушыларға белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін рахмет!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz