Салалық технологиялар институтының білім алушылары жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына белсенді қатысады.
6В07104- Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс білім алушы Живетин Вячеслав II орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Чурикова Лариса Алексеевна.
6В07302-Құрылыс білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс білім алушы Кенгесбаев Әлімжан III орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі-Умерешова Саягуль Гинаятовна, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
6В11201- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушысы Нұрғали Азат III орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі- Курмашева Гүлшат Рахметоллаевна, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Білім алушылар мен ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз және оларға жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!