2025 жылдың 6-ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Дене мәдениеті және информатика» кафедрасынаң ұйымдастыруымен «ІТ StartUP» инновациялық идеялар мен бизнес жобалар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік білім беруді дамыту, оқушылардың инновациялық әлеуетін арттыру. Байқауға қала мектептері оқушыларынан құралған командалар қатысты:
- Эстетикалық бағыттағы гимназия
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты
- №45 жалпы орта білім беретін мектебі
- Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы
- Oqu School
Байқау барысында әр мектеп өздерінің инновациялық жобаларын ұсынды. Жобаларда ақпараттық технологиялар, кәсіпкерлік дағдылар, және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған идеялар болды. Әр команда өз жобасын түрлі техникалық шешімдермен, жоғары сапалы ұсыныстармен таныстырды, бұл білім алушылардың бизнеске және жаңа технологияларға деген қызығушылығын арттырып, өз идеяларын жүзеге асыруға мотивация берді. Байқау қорытындысы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты оқушысы Серікқали Еңлік І орын алды.
«ІТ StartUP» байқауы жастардың кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, инновациялық идеяларды қолдау және ақпараттық технологиялар саласында жаңа шешімдер табу үшін маңызды алаң болып табылады. Шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін іске асырып, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.






