Ақпанның алғашқы бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні. 2005 жылы Шиофоке қаласында (Венгрия) сайлау ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күнінбарлық елдер атап өтеді. Биыл мереке 6 ақпанға сәйкес келіп отыр.
Осыған орай Батыс Қазақстан облысында жас сайлаушылар форумы өтті. Аталған шараға университетіміздің 100 астам студенті қатысты. Форумның негізгі мақсаты – саяси-құқықтық сауатты жетілдіріп, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру. Ауқымды жиында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов елдегі саяси реформалардың мән-маңызына тоқталды. Сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар таныстырылды. Саяси және қоғамдық маңызды науқандарды ұйымдастыруға атсалысқан белсенділер марапатталды.

