06.02.2025 жылы педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Жумагулова Жәңгір хан ат. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіптік білім беру институтының «Жалпы даму және кәсіптік білім беру педагогтерін даярлау орталығы» ұйымдастырған «Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинарына қатысты. Қатысушылар арасында «М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КеАҚ. пс.ғ.к. доцент К.А. Нұрғалиев, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ., аға оқытушы, психолог Ерниязов О.Н., Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» КММ психологы А.С. Мұхтарова, Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледж психологы А. Б. Рскалиева, Жоғары аграрлық-техникалық колледж психологы Асан Д. Х. және т.б. болды. Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар лудомания, буллинг, ішімдікке және нашақорлыққа тәуелділік, стресс сияқты мәселелерді талқылады. Г.А.Жумагулова «Эффективные методы психологической помощи пожилым людям» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама арт-терапия әдістерін қолдана отырып, Күміс университетінің курс тыңдаушыларымен жұмыс тәжірибесіне және оларды стрессті жеңу үшін қолданудың тиімділігіне негізделген. Жұмыстағы бұл бағыт ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және белсенді талқылау жүргізді.

