Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне түсу кезінде ЖОО-ның запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери кафедрада оқудан өту мүмкіндігін беруі артықшылықтардың бірі болып табылады.
16 ақпан күні инженерлік-гуманитарлық факультетінің 1-2 курс студенттері Жәңгір хан атындағы БҚАТУ әскери кафедрасының өкілдерімен кездесті. Студенттер әскери-есептік мамандықтармен, конкурстық іріктеу талаптарымен, құжаттарды тапсыру мерзімдерімен таныстырылды.
