2023 жылғы 30 қаңтарда Академиялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен Академиялық комитет мүшелеріне арналған «Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу (major/minor)» әдістемелік семинары өткізілді.
Әдістемелік семинардың мақсаты: Қазіргі заман талабына сай инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру үшін академиялық комитет мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету, Major/Minor бағдарламаларының мүмкіндіктерін анықтау, сондай-ақ инновациялық білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және әзірлеу мәселелері бойынша семинарға қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуы.
Әдістемелік семинар бірінші және ОӘЖ жөніндегі проректор С.А. Машанованың құттықтау сөзімен басталып, ғылым және жоғары білім саласындағы кейбір нормативтік өзгерістермен таныстырумен жалғасты.
Аталған шараның спикері Б.М. Курманбаева Қазақстандағы жоғары білім берудің трансформациясы мен үздіксіз дамуы туралы мәліметтерге, сондай-ақ соған сәйкес университет алдында тұрған міндеттерге тоқталып, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, Minor бағдарламаларын құру жолдарына әдістемелік кеңес берді.
Семинардың теориялық бөлімі «Инновациялық білім беру бағдарламаларының мақсатын және оқыту нәтижелерін қалыптастыру» мәселесіне қатысты практикалық бөлімге ұласты. Әдістемелік семинар соңында қатысушылар алда әзірлеуге жоспарланған инновациялық БББ мен Minor бағдарламалардың болжалды атауларымен және оқыту нәтижелерімен таныстырды.
Әдістемелік семинар презентациясы
