2023 жылғы 23 қаңтарда сағат 11.00-де Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының 6В06104-«Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», 6В07105-«Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының білім алушылары Орал қаласы, Гумар Караш көшесі, 33/2 мекенжайы бойынша орналасқан «Websoft Qazaqstan» ЖШС-де танысу экскурсиясынан өту орнына келді. Экскурсияны БҚИТУ ИГФ Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының эдвайзерлері А.Б. Қайранбаева және И. А. Шалабаева өткізді.

Экскурсия барысында білім алушыларды «Websoft Qazaqstan» ЖШС атқарушы директоры А.Б.Сабурова қарсы алды, ол білім алушыларды компанияның кеңсесімен таныстырды және веб-әзірлеу саласындағы қызметтер кешені туралы айтып берді және компанияның өнім сайттарын құру құралдарымен таныстырып, компания қолданатын озық құралдар туралы айтып берді.

«Websoft Qazaqstan» ЖШС веб-әзірлеу нарығында 19 жыл жұмыс істейді. Компания интернет және интранет сайттарына қызмет көрсетуге, Yandex және Google іздеу жүйелерінде сайттарды жылжытуға, веб-технологиялар негізінде жұмыс істейтін мамандандырылған бағдарламаларды құруға және енгізуге, дайын шешімдер негізінде эксклюзивті және арзан сайттарды әзірлеуге маманданған.

Білім алушыларға «Websoft Qazaqstan» ЖШС-гі экскурсиясы өте ұнады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz