31 қаңтар күні қаламыздың орталық кітапханасында  Халықаралық зергерлер күніне орай «Зергерлік өнер – дәстүрлі мәдениеттің көркі» мәдени-танымдық шеберлік сабағы өтті.   Қазақтың зергерлік өнерін насихаттау мен жастарға үйрету мақсатында ұйымдастырылған шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Филология мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр  Г.У.Казкенова және  Қазақ тілі мен әдебиеті, Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі, Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері  қатысып, қыры мен сыры мол өнер туралы  кеңінен ақпарат алды.

Мәдени-танымдық сағат зергерлік өнерге арналған «Зергерлік өнер – ұлттық мәдениет мәйегі» бейнеролигінің көрсетілімінен басталды. Зергердің өнерін бағалауға тәрбиелеуді мақсат еткен шеберлік сағаты студенттерді қазақтың зергерлік бұйымдарын таныстырудан басталды. Шара қонағы – зергер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сарманбеков Самат Төлепбергенұлы зергерлік өнердің қыр-сыры, бұйымдардың жасалу техникасы, қолданылатын шикізат, жұмсалатын уақыт, ою-өрнек-тастары, батыс аймақтағы зергерлік өнердің ерекшелігі туралы баяндады. Сонымен қатар, алып келген бейнематериалымен және зергерлік бұйымдарының үлгілерімен таныстырды. Шара арнайы  жасақталған кітап көрмесіне шолумен тәмамдалды. Қазақ халқының зергерлік өнері бастауын сонау көне замандардан, Сақ дәуірінен алады, салт-дәстүрімізбен қабысқан мәдениетіміздің сәні. Қолөнер шеберлерінің, ұсталардың, зергерлердің керемет туындылары талғампаз халқымыздың әсемдік әлеміне терең бойлағанын, эстетикалық қарым-қабілетін көрсетеді. Шара осы өнер арқылы жастарды сұлуық пен әсемдікке құштар болуға, талғампаздық пен тазалыққа, эстетикаға тәрбиелеуді мақсат етті.  Кеш соңында  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 1-курс студенттері  кіпханаға оқырман болып тіркелді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz