2025 жылы сәуір айының 23-24 күндері Ресей Федерациясы Екатеринбург қаласында Орал ғылыми-зерттеу ветеринариялық институтының құрылғанына 95-жыл толуына орай өткізілген Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және техносферлік қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев Серік Ғаниұлы қатысып қайтты. Конференция барысында Қанатбаев С.Ғ. Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры атынан құттықтау адресатын табыстап, иленарлық отырыста баяндама жасады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Орал ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты арасында уағдаластыққа қол жеткізіліп, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық үшін келісім-шарт жасалды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz