2025 жылғы 30 сәуірде мұнай-газ инженериясы кафедрасы «Мұнай кен орындарын нақты уақыт режимінде меңгерудің инновациялық технологиялары» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырып, өткізді. Дәрісті «ЖайықМұнай» ЖШС инженері Мурадимов З.О. 7М07201 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасының магистранттарына арнап жүргізді.
Дәріс барысында мұнай кен орындарын меңгеру үдерістерін цифрлық технологиялар, автоматтандырылған жүйелер және нақты уақыт режиміндегі бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бақылау мен басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Әсіресе, «ЖайықМұнай» ЖШС қызметінде жүзеге асырылып жатқан практикалық мысалдарға және отандық мұнай-газ саласына инновацияларды енгізу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Магистранттар ұсынылған тақырыптарға үлкен қызығушылық танытып, пікірталасқа белсене қатысты, технологиялардың өндірістегі қолданылуы туралы сұрақтар қойып, мазмұнды және пайдалы дәрісі үшін лекторға алғыстарын білдірді.