2025 жылғы 30 сәуір күні сағат 10:00-де Өнеркәсіптік технологиялар институтының «Құқық» кафедрасында, ЗКИТУ оқу корпусының №8 аудиториясында (Победа көшесі 137/1) бітіруші және 3 курс студенттерімен жұмыс берушілердің кездесуі өтті. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті мен ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қатысты — Орал қаласы Абай полиция бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Ботанов Н.Т., БҚО ҚАЖД кадрлық тәрбие жұмысы тобының бас маманы, әділет подполковнигі Алимбаева С.С., БҚО ҚАЖД №74 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майоры Хайруллин А.Б., БҚО ҚАЖД №28 мекемесінің кадрлық тәрбие жұмысы жөніндегі аға инспекторы, әділет капитаны Ильясова Э.А., БҚО ҚАЖД №27 мекемесінің кадрлық тәрбие жұмысы жөніндегі аға инспекторы, полиция лейтенанты Галимова Е.В.
Іс-шараның модераторы — ӨТТ комплаенс қызметінің жетекшісі, «Құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі (запаста) Рахметов Т.Х. қонақтарды таныстырып, кездесудің мақсатын жеткізді — ол біздің түлектерді жұмысқа шақыру болып табылды. Сонымен қатар ол құқық қорғау органдарындағы қызметтің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған абыройлы және құрметті жұмыс екенін атап өтті. Полиция департаменті мен ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен тығыз ынтымақтастық орнатылып, жасалған меморандумдар аясында олар студенттердің оқуы, тәжірибеден өтуі және жұмысқа орналасуына белсенді түрде көмектесіп келеді.
Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері Алимбаева С.С., Хайруллин А.Б., Ильясова Э.А. студенттерге ҚАЖ жүйесіне қызметке орналасу тәртібі, қызмет барысында қойылатын міндеттер, бөлімшелердегі қызметтің ерекшеліктері және қызметкерлерге ұсынылатын әлеуметтік пакет туралы айтып берді және ҚАЖ жүйесінде қызмет етуге ниеттілерді шақырды. Сондай-ақ кездесуге «Құқық» кафедрасының 2023 жылғы түлегі, БҚО ҚАЖД №74 мекемесінің режимдік бөлімінің бақылаушысы болып жұмыс істейтін Кендибаева Гүлдана қатысып, өз жұмысындағы оң тәжірибесімен бөлісті.
Орал қаласы Абай полиция бөлімінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ботанов Н.Т. студенттерге ішкі істер органдарына тергеуші, анықтаушы, учаскелік инспектор, жедел уәкіл және басқа да лауазымдарға қызметке орналасу шарттары туралы айтып берді, полиция қызметінің құқықтық тәртіпті қорғау мен қылмыспен күрестегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Құқық» кафедрасының 2024 жылғы түлегі, Абай полиция бөлімінің тергеушісі, полицияның аға лейтенанты Дмитриенко М.Ю.-ның қызметіне оң баға берді және студенттерді полиция қатарына қызметке шақырды.
Қонақтар өздерінің құқық қорғау органдарындағы кәсіби жолы мен қызметі туралы әңгімелеп, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында модератор Рахметов Т.Х. «Құқық» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері атынан жұмыс берушілерге іс-шараға қатысқандары үшін алғыс айтып, оларға қызметтерінде табыс тіледі және келе жатқан 1 мамыр мерекесімен және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

