Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті бірлесе отырып, 2025 жылдың 9 желтоқсанында «Тарихи жады және ұлттық бірегейлік: ғылым мен қоғам диалогы» атты халықаралық ғылыми конференция өткізді

Конференцияға БҚО ғалымдары мен студенттері, Астана, Алматы қаласының және Түркия, Азербайжан, Өзбекстан мемлекеттерінен ғалымдар қатысты.

Атап айтсақ, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара (Түркия, Стамбул), Карабах университеті Ғылым департаментінің директоры профессор, доктор Ибрагимов Елшін Алиоглы (Азербайжан Республикасы), Өзбекстан Ғылым академиясының Қарақалпақ бөлімшесі жанындағы гуманитарлық ғылымдар институтының тарих бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Жұмашев Асқар Мәмбетұлы (Өзбекстан Республикасы, Нүкіс қ.), Хажеттепе университеті, Әдебиет факультеті, турік халык білімі бөлімінің профессоры, доктор Өзкүл Чобаноглы (Анкара қаласы) және тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы (Алматы қаласы), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Түркітану кафедрасының доценті, PhD доктор Молдабайұлы Талғат  (Астана)  қатысып, өзекті тақырыпта баяндама жасады.

Конференция соңында қарар қабылданып, тарихи жады, ұлттық бірегейлік және түркі ынытамақтастығы мәселелері өзекті екендігі, терең зерттеулер жүргізу қажеттігі айтылды. Конференция материалдары жинақ ретінде баспадан шығару ұсынылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz