2025 жылдың 9 желтоқсан күні «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел қонақтары: Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Еңбек және спорт ардагері Анесов Мынатаубиік Тауфихұлы және БҚО Паралимпиада федерациясының Тәрбие жөніндегі орынбасары, полиция және спорт ардагері Абулханов Нұрлан Салахиевич.
Дөңгелек үстел барысында Қазақ елінің Тәуелсіздік жолындағы терең тарихын, қиындықтары мен жетістіктерін еске алып, жастарды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмге шақырды. Ш.Д. Салимбаева мен Д.С. Тогашева ұйымдастырған іс-шара ақпараттық және танымдық болды, студенттердің қызығушылығын тудырды.
Шара соңында қонақтарымызға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
