Құрметті әріптестер!

 Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын бұл мейрам – біздің аналарымыздың, жарымыз, әпкелеріміз, қарындастарымыз бен қыздарымызға ең жарқын көңілмен жақсылық тілейтін мереке.

Сіздер бізге өмір сыйлай отырып, жанымызды махаббатқа толы қолдау және қамқорлығыңызбен жылытып келесіздер, қоршаған әлемге жақсылық пен сұлулық, нұр мен үміт сыйлап келесіздер. Біз өз өмірімізді сіздерсіз, сіздерге ғана тән әдеміліксіз, сіздер ғана көрсете алар қамқорлықсыз елестете алмаймыз. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке – бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол қоғамдық өмірге белсене араласатын қоғам қайраткері. Университетіміздің дамуына қосып отырған үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

Барлық армандарыңыз бен осы мерекеде Сіздерге арнап айтылған барлық ізгі тілектер орындалсын! Мереке құтты болсын!

 

Құрметпен,

Ректор Б.Т. Шакешев

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.