2023 жылдың 12 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті академиялық комитет отырысы өткізілді. Комитет отырысына облыстық, аймақтық,қала кәсіпорын басшылары, мемлекеттік мекемелер басшылары, банк филиалдарының директорлары қатысып, 2023-2024 оқу жылына арналған «6В04106 – Қаржы», «7М04101-Қаржы», «6В04105- Есеп және аудит», «6В11101-Туризм» білім беру бағдарламаларын талқылап, қалыптасатын оқыту нәтижелері туралы өз пікірлерін білдірді. Ұйымдастырушылар комитет мүшелеріне бакалавриат деңгейі бойынша білім беру бағдарламаларына қосымша енгізіліп отырған білім беру бағдарламаласын (minor) таныстырды.
Стейхолдерлер (БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы М.Ч.Қадырбеков, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының МКҚК директоры Ғ.И. Беккалиев, «Тристар» компаниясының директоры Д.Н.Хрысев және т.б.) 3 тілде оқыту, 1С–тренинг, СОНО бағдарламаларын, іскерлік этикасы пәнін енгізу, мемлекеттік сатылымдар бойынша білікті мамандар даярлау сынды өзекті мәселелерді талқылап, ББ бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
