Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жан – жақты қолдау мақсатында жұмыс орындарын ұсыну жөніндегі Жолдауын орындау шеңберінде-мемлекеттің басты міндеттерінің бірі 18 бен 35 жас аралығындағы жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру болды.

2023 жылдың 30 наурызында “Жастармен жұмыс жөніндегі республикалық орталық” ММ, X.Бөкеева атындағы Облыстық драма театрында Бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Аталған іс-шараға Орал қаласы мен облыстың 20-дан астам ірі кәсіпорындары мен мекемелері, сондай-ақ БҚО-ның барлық аудандары шақырылды.

“Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы” АҚ, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, “Гидроприбор” ҒЗИ” АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда біздің сұранысқа ие 6В07201- “Мұнай-газ ісі”, 6В07102-“Электр энергетикасы” және 6В07104-“Технологиялық машиналар мен жабдықтар” білім беру бағдарламалары үшін бос орындар ұсынылды.

БҚО полиция департаменті мен БҚО бойынша қылмыстық-түзеу жүйесі департаменті 6В04203- “Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыруды құқықтық реттеу” және 6В04202- “Құқықтану” ББ бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

«Жайықжылуқуат» АҚ 6В07102 “Электр энергетикасы” және 6В07104-“Технологиялық машиналар мен жабдықтар” ББ бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

“Жаиксельстрой” ЖШС–де 6В07301 – “Сәулет”, 6В07302-“Құрылыс”, 6В07102-“Электр энергетикасы”, 6В07104-“Технологиялық машиналар мен жабдықтар”, 6В07101 – “Көлік, көлік техникасы және технологиялар” ББ бойынша бос орындар бар.

«Ақ Қайнар» АҚ түлектерді келесі ББ бойынша жұмысқа шақырады: 6В07501-” Стандарттау және сертификаттау”, 6В09101 – “Ветеринариялық медицина”, 6В09103 – ” Ветеринария” және 6В11201 – “Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау”.

“IT Group Kazakhstan” ЖШС- ББ бойынша бос орындар: 6В06102 –”Ақпараттық жүйелер” және 6В06104 – “Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер”.

“Баталасу” ЖШС, “Стройкомбинат” ЖШС және “Айдана” ЖШС сияқты кәсіпорындар 6В07301 – “Сәулет”, 6В07302- “Құрылыс”, 6В07102-“Электр энергетикасы” және 6В07501- “Стандарттау және сертификаттау” ББ бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Облыстың кәсіпорындары мен мекемелерінде кәсіптік практикадан өту саласындағы ынтымақтастықтан басқа, білім алушыларды нақты жағдайларда мамандық бойынша жұмысқа практикалық даярлауға ықпал ете отырып, түлектерімізді жұмысқа орналастыру бойынша тығыз қарым-қатынас орнатамыз.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz