16 қыркүйек күні Орал қаласында «Атамекен» МО залында «Азаматтық жауапкершілік және волонтерлік: адалдық құндылықтары негізінде» атты Батыс Қазақстан облысының волонтерлер форумы өтті.

Бұл форум — тек кездесу алаңы емес, жастар мен қоғам белсенділерінің өзекті ойларын ортаға салып, еріктілік бастамаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды платформа.

Қазіргі волонтерлік – қоғам үшін маңызды ресурс. Ол тек қайырымдылықпен ғана шектелмейді, азаматтық ұстанымды қалыптастырып, жастарды ел болашағына бей-жай қарамауға тәрбиелейді. Волонтер болу — бұл жүректен шыққан ниетпен, адал еңбектің көрінісімен әрекет ету.

Құттықтау сөзінде БҚО әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев:

Бүгінгі форум өңірдегі еріктілердің әлеуетін күшейтіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік жобалар құруға үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастамалар «Таза Қазақстан», «Тәуелсіздік ұрпақтары» сынды ұлттық жобалармен ұштасып жатқанын да атап өткім келеді.

Облыс әкімдігі тарапынан волонтерлік қозғалысқа үнемі қолдау көрсетіліп келеді. Біз жастар бастамаларын дамытуға, волонтерлік жобаларды қаржылай және ұйымдастырушылық тұрғыдан қолдауға әрдайым дайынбыз.

Форум аясында өңіріміздін бір топ еріктілері алғыс хаттармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz