6В07204 – «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының НД-22О тобының студенттері Рымбаев Н. және Зайцев М. «ЖайыкМунай» ЖШС кәсіпорнында өндірістік тәжірибеден сәтті өтті.
Тәжірибе барысында білім алушылар мұнай-газ саласының негізгі технологиялық үдерістерімен танысып, практикалық дағдыларды меңгеріп, қолданыстағы өндіріс жағдайында құнды тәжірибе жинақтады.
Кәсіпорын тарапынан тәжірибе жетекшілері студенттердің жоғары жауапкершілігін, тәртіптілігін, ұжымда жұмыс істей білу қабілетін және кәсіби дамуға ұмтылысын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Рымбаев Н. мен Зайцев М. заманауи технологияларға қызығушылық танытып, берік теориялық білімдерін тәжірибеде сәтті қолдана білді.
Университеттің өңірдегі жетекші кәсіпорындармен ынтымақтастығы студенттерге кәсіби дайындықтың кең мүмкіндіктерін ашып, олардың болашақ мансабы үшін берік негіз қалыптастырады.
Студенттерге оқу мен кәсіби қызметінде зор табыс тілейміз!