16.09.2025 ж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Сейілбекұлы Байсаловпен кездесу өтті. «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебі жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Мектепке қабылданудың бірнеше сатыларын, өтінім беру жолдары, сабақтың өту тәртібі, қорытынды тестілеу мен арнайы жобаға қатысу және қорғау, сертификат табыстау жолдарын нақтылап түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзіретті арттыру бағыттары бойынша студенттерге ақпарат берді. Кездесу соңында қатынасқан 4 курс білім алушылары Мұрат Сейілбекұлына сауалдар қойып, пікір алмасты.
