2024 жылғы 6-қарашада университетте “EDP Hub” ЖШС компаниясының өкілі Гүлжауар Бикжанованың университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі өтіп, баспа қызметі саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
“EDP Hub” ЖШС жоғары білікті кадрларды даярлауға, сондай-ақ білім беру мекемелеріне бағытталған оқу және ғылыми әдебиеттер баспасына арналған E-UNI.KZ Ұлттық білім беру платформасының әзірлеушісі болып табылады.
Кездесу барысында баспа қызметі саласындағы ынтымақтастық және оқу және ғылыми басылымдарды енгізу, сондай-ақ ЖОО-ның E-UNI.KZ Ұлттық білім беру платформасына шығаратын мерзімдік материалдары туралы мәселелер талқыланып, жаңа оқулықтар шығару және бұрын шығарылған материалдарды қайта басып шығару мүмкіндігі мен цифрлық білім беру ресурстары саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды.
“EDP Hub” өкілдерімен кездесудің арқасында БҚИТУ қызметкерлері мен ПОҚ “EDP Hub” компаниясы ұсынатын электрондық кітапхана жүйелерімен жұмыс туралы, заманауи цифрлық білім беру шешімдері туралы көбірек білуге, ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, а/ш.ғ.к., қауымд. профессор Жұбантаев И.Н. кездесу қонағына университет ғалымдарының оқу және ғылыми-әдістемелік еңбектерін шығару мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат бергені үшін алғыс білдірді.