БҚИТУ, Салалық технологиялар институтының, Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында Дүниежүзілік сапа күніне орай «Қазақстандағы сапа-орнықты даму жолы» тақырыбында ғылыми – студенттік конференция өтті.
Бүгінгі Дүниежүзілік сапа күніне арналған конферецияның басты мақсаты өнімдер мен қызметтердің жоғары сапасының мәнін арттыру, сондай-ақ сапа проблемаларына назар аударуға бағытталған қызметті жандандыру болып табылады.
Аталмыш конферецияға кафедраның «Қауіпсіздік аралы» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері болып табылатын 6В07501-«Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) ББ 3 курс білім алушылары қатысты. Олар Қазақстан Республикасының экономикасындағы басты проблемалар болып табылатын сапа проблемаларына қатысты өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар жасады,
Өткен ғылыми-студенттік конференцияда сапа саласындағы қызмет туралы ақпарат алмасу барысында Сапа күнін мерекелеу тарихы, Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы өнім сапасының мәселелері, Rapex қауіпті өнім туралы ескерту жүйесі тақырыптарындағы баяндамашылардың тақырыптары толық ашылды.

