Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 874 қаулысымен мереке күндерінің күнтізбесіне “22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні” енгізілді.
Мұрағат университет өмірінде өте маңызды, бірегей ақпараттық орталық болып табылады, білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихы, университет қызметкерлерінің еңбек қызметі туралы ретроспективті деректі ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ өткен тарихы туралы ғылыми біліммен қамтамасыз етеді. Мұрағат қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында университет тарихы, фактілер мен құжаттар мұқият сақталады.
2023 жылғы 22 желтоқсанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры Б.Т.Шакешев университет мұрағатшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға алғыс хаттар табыс етті.
Мұрағаттың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық және еңбекте табыс тілейміз!

