21-қарашада “Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі” кафедрасы ұйымдастырған “Білім тәжірибесін трансформациялау” әдістемелік семинары жалғасын тапты. Семинарды “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары Хамбетова Ақжарқын, Кабдешова Жайнагүл «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-4 курс білім алушыларына “Тұлғаны шығармашылық жанрдағы жазба жұмыстарына төселдіру” тақырыбында өткізді.
Семинар кезінде “Өрмекші”, “Дербес пікір жазу”, “Жағымсыздан жағымдыға”, “Тірек сөздер”, “Бас бармақ” әдістері қолданылды.
Студенттер сабаққа ерекше белсенділікпен қатысты. Магистранттар сертификатпен марапатталды.





