2026–2027 оқу жылының бірінші семестрінде ЭЛ-31О тобының 3-курс студенттері Яровая Ирина Викторовна мен Дусенбаева Жасмина Рашидовна академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент қаласындағы Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге өзге білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға, кәсіби білімдерін тереңдетуге және заманауи оқыту әдістерімен танысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Атап айтқанда, «Электр монтаждау» пәнінің практикалық сабақтарында электр жабдықтарын монтаждау, электр тізбектерін құрастыру және тиісті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіруде.
Ирина Яровая мен Жасмина Дусенбаева практикалық жұмыстарға қызығушылық танытып, берілген тапсырмаларды белсенді орындауда. Шетелдік университетте білім алу олардың кәсіби құзыреттерін арттырып қана қоймай, жаңа білім беру ортасына бейімделуіне, тәжірибе алмасуына және дүниетанымын кеңейтуіне ықпал етуде.
Студенттерімізге оқу жолында табыс, жаңа жетістіктер мен құнды тәжірибе тілейміз!

