Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының бас мамандары қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру бағытында кездесулер ұйымдастырды.Кездесулер №21 жалпы білім беретін орта мектепте, №35 мектеп-лицейінде және №45 жалпы білім беретін орта мектепте өтті. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсыну және кәсіби қызығушылықтарын анықтауға көмектесу.Кездесу барысында БҚИТУ өкілдері университеттің білім беру мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, мамандықтар және жоғары оқу орнына түсу тәртібі туралы мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар оқушыларға мамандық таңдауда жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.Осындай кездесулер жас түлектердің болашаққа деген сенімін арттырып, білім мен кәсіби даму жолын саналы түрде таңдауға ықпал етеді. БҚИТУ талапкерлерге сапалы білім алуға және болашақ маман ретінде қалыптасуға бағыт-бағдар беруді жалғастырады.


