21.11.2023 ж. «Сәулет және құрылыс» кафедрасында аға оқытушы Б. Н. Аманова Арх-32о тобында «Ғимараттар мен құрылыстарды салу технологиясы» пәні бойынша «Биік ғимараттарды тұрғызу технологиясы» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді.
Практикалық сабақта оқытушы репродуктивті әдісті қолданды – білім алушылардың білімін бекіту және дағдыларын жетілдіру. Ақпараттық технологиялар және сараланған тұлғалық-бағдарланған тәсілмен оқытудың заманауи әдістері; ішінара – «Сәйкестікті табу» тапсырма карточкалары бар іздеу әдісі; проблемалық-іздеу әдісі – үлестірме материалдары мен сұлбалары бар шағын топтардағы жұмыстар; білім алушылар бір-бірінің білімін бағалайтын өзара тексеру тапсырмалары қолданылды. Осылайша, оқытушы білім алушылардың рефлексивті ортасын, өзін-өзі бағалауымен бақылау және өзара іс-әрекетін құрды.
Қорытындыда рефлексия жүргізілді – білім алушылардың қызметін бағалау туралы қорытындылар шығарылды, білім алушылардың ашық сабаққа қанағаттануы және белсенді түрде қызығушылық танытқаны анықталды.


