2023 жылдың 08 қарашасында БҚИТУ СТИ – ң 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», 6В06104 – «Есептеуіш техникасы және ақпараттық жүйелер» және 6В07302 – «Құрылыс» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттеріне «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Букенбаева Айгуль Калиевна шақырылып, «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» пәні бойынша танымдық практикабағытталған дәріс оқыды.
Өндіріс маманы А.К. Букенбаева өз дәрісінде жиіліп кеткен жазатайым оқиғалардың қазіргі таңда үлкен мәселе екенін айтып, оларды азайту шараларын баяндады. Сонымен бірге дәрігерлер келгенге дейін жазатайым оқиға орнында зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар кешені туралы айтып берді. Сондай-ақ білім алушыларға жарақат түрлері, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістері мен тәсілдері туралы нақты түсіндірді. «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры А.Б. Букенбаеваға алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!


