Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн АИТВ індетінің жаһандық таралуын тоқтату қажеттілігін еске салады. Көлік және технологиялар кафедрасы 30 қараша күні 6В07104 Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6В11301 Тасымалдауды, қозғалысын және көлікті пайдалануды ұйымдастыру, 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиясы білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» тақырыбында Батыс Қазақстан облысының облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Цой Виктория Владимировна қатысуымен кездесу өткізді.

АИТВ жұқтыру туралы хабардарлықты арттыру және тестілеуді насихаттау мақсатында облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы қала студенттері үшін тренингтер мен семинарлар жүргізетінін айтты. Білімді күшейтумен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға кемсітушілікке жол бермеу басты мақсат болып келеді.

Іс-шараға сонымен қатар 6В07102 Электр энергетикасы, 6В07105 Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша), 6В06104 Компьютерлік технологиялар және ақпараттық жүйелер, 6В07301 Сәулет білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

АИТВ-ның алдын алу бойынша толық ақпаратты ресми веб-сайтта көре аласыз: @zhits_bqo

Өз денсаулығыңызды күтіңіз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz