2023 жылдың 22 қарашасы күні Орал қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 1-санатты жаттықтырушы, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің түлегі Е.М.Бергалиевтың «Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағына дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының білім алушылары мен «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Сабақ барысында мектептегі 8-сынып оқушыларына арналған «Дене шынықтыру» сабағындағы баскетбол ойынының үлгісі көрсетілді. Баскетбол ойынына жалпы сипаттама беріліп, қарсылас командаға шабуыл жасау және қорғаныста ойнау әдістері көрсетілді. Шеберлік сабағында оқытудың жаңашыл әдістері қолданылып, білім алушылардың әдістемелік шеберліктерін арттыруға ықпал етті. Шеберлік сабақ жоғарғы деңгейде өтті.




