Алматы қаласындағы Satbayev University оқыту семинары мен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларды жылы қабылдаумен қарсы алды.

БҚИТУ ректораты және инженерлік-гуманитарлық факультеті басшылығының қолдауымен 2022 жылдың 10 қарашасында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы меңгерушісі х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Байтлесова Л.И. және аға оқытушы Санталина Г.А. Алматы қаласында орналасқан Қазақстандық стандарттау және метрология институтының (ҚазСтандарт) академиясы ұйымдастырған «Қазіргі жағдайдағы сапа жүйесінің даму тенденциялары» тақырыбында ғылыми конференцияға оффлайн түрде қатысты.

2022 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласында Satbayev University базасында «Техникалық реттеу, стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар конференциясы аясында Қазақстан, Ресей және Германияның жетекші спикерлері техникалық реттеу талаптарын үйлестіру, сапа инфрақұрылымының, білім беру сапасының элементтері ретінде стандарттау мен сертификаттауды дамыту, кадрлар даярлау және жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелерін қарастырды.

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА), Германияның ASIIN аккредиттеу агенттігінің өкілдері, ҚР және РФ жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары өз баяндамаларында бірлескен білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу, еуропалық кейстерді әзірлеу, техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру мәселелерін қозғады. Конференция және семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz