17.11.2022  1 курс студенттері (БББ: 6В07201-“Мұнай-газ ісі”) ИГФ БҚИТУ мұнай-газ кафедрасының НД-12ОК тобының эдвайзері аға оқутышы Б.Н. Амановамен бірге “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.

Экскурсия барысында мұражайдағы 8 залға барды. Мұражай қызметкері студенттерді б.з. д. V-IV ғасырларға жататын жүз мыңға жуық экспонаттары бар бай қормен таныстырды. Олардың ішінде қолданбалы өнер бұйымдары, батырлардың әскери сауыттары, жылқы әбзелдері, хан таяғы, Жәңгір ханның әйелі ханша Фатиманың камзол көшірмесі, Кіші жүз хандарының кескіндемелік портреттері және Орал халқының тұрмыс заттары бар. Мұражайда археология, Алтын-Орда кезеңінің ортағасырлық тарихы және Яицкий қалашығының пайда болу тарихы, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, Кеңес кезеңінің тарихы, Батыс Қазақстан облысының өнер, әдебиет, ғылым және білім тарихы, қазақ халқының этнографиясы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихы залдары бар.

Студенттерге туған өлкенің дамуы туралы танымдық ақпарат ұнады!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz