2022 жылғы 11 қаңтарда Президент Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешу үшін “Қазақстан халқын” қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырды.

17 қарашада қоғамдық қор өкілдері білім беру гранттарының иегерлерімен онлайн-кездесу өткізді. Университет білім алушылары ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта кездесуге қатысты. Халықаралық студенттер күніне орайластырылған кездесу гранттық конкурстың алдын ала нәтижелерімен танысу, сондай-ақ студенттермен кері байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің 24 студенті Қордың білім беру гранттарын алушылар болып табылады.

“Қазақстан халқына” Қоғамдық Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Шынкисбаева өзінің құттықтау сөзінде студенттерді мерекемен құттықтап: «Біз еліміздегі әрбір бала отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болу керек. «Қазақстан халқына» қоры грант пен стипендия түрінде көрсеткен қайырымдылық көмек сіздердің өзіндік даму, армандарыңызды орындаудағы үлкен жолдың бастауы, әрі туыстарыңыз бен жақындарыңыз үшін қолдау болатынына үміттенеміз. Қазіргі таңда 1960 студент Қор есебінен 79 ұлттық, мемлекеттік және жеке жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алып, стипендия алады. Грант 1 млн теңгеге дейінгі оқу ақысын өтеп, «пысықтауды» талап етпейді», – деді Ләззат Шыңғысбаева.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz