Ағымдағы жылдың 19 ақпанында cалалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары А.Е. Танжарикова мен А.Т. Махамбетова Орал қаласындағы білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.                                                               

Танжарикова А.Е. Сервис және жаңа технологиялар колледжінің бітіруші түлектерімен кездесіп, оларға институттың білім беру бағдарламалары, мамандықтары және оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, талапкерлерге қабылдау шарттары мен кәсіби өсу перспективалары түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді.

Ал А.Т. Махамбетова Ә.Н. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде болып, бітіруші түлектермен кездесті. Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолдары мен институт ұсынатын білім беру мүмкіндіктері туралы кеңес берілді.

Бұл іс-шаралар түлектерге саналы түрде кәсіби бағыт-бағдар алуға көмектесіп, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz