2025 жылдың 19-ақпанында Тарих және құқық кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Құқық қорғау қызметі» БББ 1,2,3 курс студенттері Батыс Қазақстан облысы Сот сараптама орталығының танымдық шолу сабағына қатысты.

Сапардың мақсаты сот сараптамасының негізгі аспектілерін, әдістері мен қолданылатын құрал-жабдықтарын танып-білу, сонымен қатар қажетті материалдарды зерттеу болды. Шара студенттерге теориялық білімді практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді. Шара барысында сот сараптама орталығының тәжірибелі мамандары мәйіттерді қалай қабылдайтынын, сақтау жағдайларын, мәйіттерге жүргізілетін негізгі сараптамалар мен олардың  нәтижелерін қалай пайдаланатынын, мәйіттің өлу себептерін, органдарындағы өзгерістерді көрсетіп, заманауи құралдармен таныстырды.

Студенттер Сот сараптама орталығының жұмысымен, оның медициналық және құқықтық маңыздылығымен терең танысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz