Республика күніне орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 2022 жылдың 21 қазан күні өткен «Болашақ біздің қолымызда!» атты студенттік форумына педагогика ғылымдарының магистрі, тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы Жастлек Надия Орангалийқызының жетекшілігімен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты.

Форумның мақсаты: жастардың заманауи дабылдарға жауап іздеудің тиімді жолдарын талқылау алаңын қалыптастыру, тәжірибе алмасу, жоғары оқу орындары студенттері арасында іскерлік қарым-қатынас, жастар бастамаларын қолдауға ықпал ететін коммуникациялық орта құру, жастардың бойында патриоттық құндылықтар мен инновациялық ойлау дағдыларын дамыту.

Форум барысында студенттер «Менің Қазақстаным» тақырыбындағы интелектуалдық ойынға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, жобаларды қорғады. Шара соңында БҚИТУ «Шабыт» командасы жүлдегер атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.